напишите эссе на тему Астық біздің байлығымыз помогите срочно дам 100 балов.​
Ответ
5 (1 оценка)
1
dananursultan158 1 год назад
Светило науки - 11 ответов - 0 раз оказано помощи

Ответ:

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие бола салысымен, оның халықаралық рыноктарға шығарған алғашқы өнімдерінің бірі астық болды. Кейбір жылдары Қазақстан әлемнің 40-тан астам еліне астық экспорттап жүрді. Осынау стратегиялық өнімнің өндірісі мен саудасын жолға қою үшін Елбасының тапсырмасымен елімізде «Астық туралы» заң қабылданды. Қазір ойлап қарасақ, біздің Қазақстанымыздың атын әлемдік кеңістікте жағымды жағынан көрсетіп келе жатқан өнімдердің бірі осы алтын астығымыз екен. Бірқатар елдер қазіргі күні Қазақстанды үлкен астық державасы ретінде таниды. Біз Халықаралық астық кеңесіне мүше елдердің біріміз. Соның ішінде ірі көлемде астық экспорттайтын елдердің қатарындамыз. Әлемнің астық сатумен шұғылданатын көптеген ірі трейдер компаниялары Қазақстан астығы десе елең ете қалатын болып жүр. Себебі, Қазақстан астығы әлемдегі сапалы астықтардың бірі. Біздің Сарыарқа аталатын кең жазық сайын даламызға күн қуаты молынан түсетіндігі ежелден белгілі. Осы Сарыарқа төсінде күннің шұғылалы шуағымен, даланың аңызғақты желімен тербеліп өскен астық барынша жетіле пісіп, құрғақ қалпын сақтап қалатын көрінеді. Бұл жағдай өскен бидайдың бойындағы қамырлылық қасиетін күшейтеді. Ал қамырлылығы күшті бидай сорттары нан, тоқаш және ұннан жасалынатын басқа да өнімдер үшін ең бас­ты қажеттіліктердің бірі. Тіпті, кейбір мамандардың пікірлеріне қарағанда, өздері де астыққа бай саналатын Ресей мен Украина елдері біздің Қазақстанның астығын өз астықтарына қосып, қамырлылық қасиетін күшейту үшін пайдаланатын көрінеді. Сондықтан, кейбір мамандар «Қазақстан астығының табиғи тұрғыдағы сапалылық қасиетіне әлемде тең келетін астық өте аз, бұл жағынан алғанда Қазақстан мен Канада астығы бір-біріне шамалас келеді» деп есептейді екен. Өзінің астық сату көлемі жағынан алғанда әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 10 елдің құрамына кіретін Қазақстан ұн экспорттау жағынан соңғы бірқатар жылдар барысында бүкіл дүние жүзі бойынша алғанда тұрақты түрде алдыңғы үштіктің құрамында келеді. Астық өсіріп сату бір өнер болса, одан ұн өндіріп сату екінші бір үлкен өнер түрі саналатындығы белгілі. Өйткені, 1 килограмм астықтан 1 килограмм ұнның бағасы әлдеқайда қымбат. Ұн өндіру арқылы қосымша табыстарға кенелеміз. Екінші жақтан алғанда, өз адамдарымызды жұмыспен қамтимыз. Оның үстіне астық тасымалдауға қарағанда, ұн тасымалдау ісінің шығыны да едәуір төмен болатындығы түсінікті. 2013 жылдың қорытындысында Қазақстан 4 миллион 922,8 мың тонна бидай экспорттап, бұдан елімізге 1,2 миллиард АҚШ долларынан астам кіріс кіргізді. Соның ішінде 20-дан астам елге астық жөнелтті. Қазақстан астығын тұрақты тұтынып келе жатқан елдер қатарында бізбен көршілес Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен қатар Иран, Түркия, Грузия, Қытай, Швеция, Ауғанстан елдері бар. Қазақстан экспорттайтын астықтың 98 пайызынан астамы міне, осы елдердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар, Германия, Польша, Грекия, Ливан, Латвия, Нидерланды елдері де аз көлемде болса да Қазақстан астығын тұтынады. Қысқасын айтқанда, Қазақстан астығы қазіргі күні еліміздің атын әлемге жайып жүрген басты бренд өнімдеріміздің бірі болып табылады. Қазіргі күні еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан астығының экспорттық мүмкіндіктерін тиімді жолдар арқылы арттыру мәселесін қарастыруда. Соның бір жолы ретінде Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері рыноктарына зер салып, зерттеулер жүргізуде. Халықаралық астық кеңесінің мәліметтері бойынша, Қытай әр жыл сайын 3 миллионнан 8 миллион тоннаға дейін астық сатып алады екен. Ендеше, іргемізде тұрған алып рыноктың осы мол мүмкін­­­діктерін неге ескермеске?

Остались вопросы?